Аңдатпа
Мақалада басқару психологиясының негізгі мәселелері талданып, дәстүрлі моделдер мен концепциялар қарастырылады. Сонымен қатар мақалада отандық және шетелдік дәстүрлі қалыптасқан моделдері және жаңа концептуалды парадигмалардысинтездеуге талпыныс жасалған қазіргі заманда менеджмент психологиясын зерттеуге ерекше мән беріліп отыр. Барлық адам адам қатынасына байланысты басқару жүйесіндегі кейбір мәселелер қарасты-рылады. Менеджмент кең таралған толық зерттелінбеген күрделі ұғым және әлеуметтік экономикалық сипатта қарастырылады. Қоғамдағы және жеке тұлғаның басқару жүйесіндегі басқару қызметі мен басқарушылық бақылаудың ерекшелігі мәні мен мазмұны ашылады. Басқарудың әдіснамалық негіздері, басқару қызметінің әдістері, қызметтеті мен құралдары, мемлекеттік және қоғамдық түлғаны басқарудың негізгі ерекшеліктері қарастырылады.