«Бабырнама» жазба мұрасындағы мәтін байласымы

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2024ph4/67-78
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Тарихи және өмірбаяндық мәтіндер сол дәуірдің бейнесін, тұлғаларын, болған оқиғаларын суреттейді. Автор осы сипаттағы еңбектерді жазғанда өз ойларын субъективті және объективті шындықпен алмастырып келтіреді. Мәтінін түзгенде белгілі бір логикалық, жүйелілік, үйлесімдік байланысты сақтауға тырысады. Дәл осы тұрғыдан келгенде берілген мақаланың мақсаты — «Бабырнама» жазба мұрасындағы мәтін байласымын жүзеге асыратын құралдарды анықтап, олардың берілу жолдарын нақты мысалдар мен дәйектемелер арқылы келтіру. Сонымен қатар Бабырдың жазған мәтініндегі мағыналық бірізділік, тұтастық пен шынайы оқиғалар желісінің сипатталуы, көлемді және шағын мәтін ішіндегі сөйлемдер арасындағы байласым, мәтінаралық байласымның жаңа ойдың абзац арқылы танылатындығы қамтылады. Талданып отырған сөйлемдердің сол кезеңге тән ерекшелігі мен авторлық қолданысы көрсетіледі. Зерттеу нәтижесінде «Бабырнама» жазба мұрасының үш бөлімі бойынша мәтіндер тілдік талдауға алынып, мысалдардың қазақша аудармасы арқылы қазіргі қазақ тіліндегі мәтін байласымымен салыстырыла, Бабыр қолданған тілдік қолданыстар мен байласым құралдары атап өтілген.