ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ САНДЫҚ ИНДЕКСІН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІС

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2024-134-5-91-101
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты: жоғары оқу орнының қызметі мен дамуына көп өлшемді талдау түрінде сандық трансформацияға дайындығын бағалаудың кешенді тәсіліне қол жеткізу болып табылады. Әдіснамасы. Мақалада ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту индексі (бұдан әрі - АКТ индексі) деп аталатын иерархиялық өлшемге негізделген білім беру мекемелерін рейтингтік бағалау тәсілі ұсынылған. Алынған мәліметтер. Желілік дайындық индексі негізінде білім беру мекемелерінің цифрлық трансформация деңгейін бағалау үшін әмбебап индикатор ретінде АКТ индексін есептеу тәсілін ұстану ұсынылады, атап айтқанда жоғарғы деңгей критерийлерінің абстрактілі санаттарын қабылдау және иерархиялық ұялардың мәндерін орташалау. Бірегейлігі. Бұл тәсілдің өзіндік ерекшелігі-салмақ иерархияның кез-келген деңгейінде енгізуді және индексті есептеу үшін әмбебап математикалық аппаратты әзірлеуді қамтамасыз етеді. Ұсынылған математикалық аппаратты оқу орнының кез-келген ерекшелігі мен оның өлшемдері үшін оңай өзгертуге болады. Практикалық құндылық. Қазақстанның барлық оқу орындары үшін АКТ индексін пайдалану арқылы оқу процестерін автоматтандыру және оқу орындарының технологиялық мүмкіндіктерін кеңейту проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.