ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНЫНДА РЕСМИ ЖӘНЕ БЕЙРЕСМИ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2024.80.3.007
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргітаңда әрбір адам өзінің қызығушылықтарына, қабілеттіліктеріне байланысты қандай да бір маман болуына ықпал етуіне ықпал қажет. Бір мамандықты игеру үшін адам арнайы жоғары оқу орындарына түсіп, сол мамандық бойынша қажетті білім, іскерлік пен дағдыны меңгереді. Дегенмен, қазіргідей жылдам дамып жатқан қоғамда адамдарғақосымша мамандық-тар алу, ұтқырлық дағдыларын меңгеріп, іскерлік таныту аса қажет сапаларға айналуда. Біздің елде өмір бойы білім алудың мүмкіндігін тудыратын Lifelong learning үздіксіз білім берудің тұжырымдамасы қабылданған. Ол білім жүйесінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Жаһандық білім беру кеңістігінде ақпараттық технологияның жылдам дамуымен байланысты заманауи маманның ең басты қасиеті –жаңа дағдылар мен құзіреттілікті игеруге және оқуға деген ұмтылысы мен құштарлығы. Осы сұраныстыресми және бейресми білім алудың көмегімен жүзеге асыруға болады.Жалпы үздіксіз білім беру, ресми, бейресми және ақпараттық болып бөлінсе, барлық деңгейлер мен форматтарды біріктіретін нұсқа —білім беру триадасы ретінде қабылданады. Ал мұндай білім алушылар жаңа білімдерді, құзыреттерді игеруге ықпал ететін психологиялық қасиеттерге ие болады.Кәсіби ұтқырлықтың көрінісіне жататын, жаңа жағдайға тез бейімделу, өзін қайта құру қабілетіненегізделген, бір кәсіби позициядан екіншісіне бағытталуы арқылы қосымша мамандықтарды игеруге даяр болудың біз көтеріп отырған мәселені шешуді қарастыруда басты фактор бола алады.