ҮЛКЕНЖЕТІЛІК (G7) ЕЛДЕРІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІН ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНАЕНДІРУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2024.80.3.020
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Үлкенжетілік (G7) елдеріндегі психологиялық қызметтің заманауи әдіс-тәсілдерін орта білім беру ұйымдарына ендіру барысында кездесуі мүмкін кейбір мәселелерді анықтау жұмыстарының маңыздылығы мен барысы қозғалған. Мақала мазмұнында зерттеу тақырыбының бүгінгі уақыттағы өзектілігіне тоқтала отырып, тақырыптың әдіснамалық негіздеріне назар аударылады. Оның ішінде осы білім саласындағы салыстырмалы зерттеулердің, шығу тарихынан бастап, «Салыстырмалы педагогика» ұғымын ғылымға алғаш енгізген ғалым аталып көрсетілген. Салыстырмалы зерттеулердің үш кезеңі және тарихи дамуы сипатталған. Алғашқы кезеңді он сегіз бен он тоғызыншы ғасырдың арасы деп нұсқай отырып, сол уақытта салыстырмалы зерттеулердің білім сапасын арттыратындығына сенгендігін көрсетеді. Екінші кезеңмақалада жиырмасыншы ғасырмен байланысты қарастырылған. Осы уақытта салыстырмалы зерттеулердің тақырыбымен тікелей байланыста конференция өткендігі баян етіледі. Сонымен қатар осы кезеңде өмірсүрген ғалымдардың еңбектеріне де тоқталып өтеді. Осы тарихи деректерді келтіру барысында Фридрих Паульсенпен сол уақытта өмір сүрген Джон Дьюидің еңбектеріне ерекше тоқталып жоғары баға берілген. Осылай лек –легімен көтерілген тарихи деректер біздің уақытымызға дейнгі аралықты суреттейді. Бүгінгі уақыттағы белгілі ғалымдар оның ішінде Г.Нургалиева, А. Жетписбаева, К. Кусаинов Ю. Мусин, Г. Наби, З. Урастаева, М.Кенесарина, Б.Есеева, Р. Туружанова, Н. Анарбек еңбектерінің жоғары бағаланатындығын айтып өткен. Мақалада көзделген мақсат бойынша, Үлкенжетілік (G7) елдеріндегі психологиялық қызметтің заманауи әдіс-тәсілдерін орта білім беру ұйымдарына ендіру барысында кездесуі мүмкін кейбір мәселелерді анықтау қажеттілігімен байланысты зерттеу әдістері даярланып, эксперименттік жолмен жүзеге асырылған. Сондай-ақ эксперимент барысында алынған нәтижелер арқылы Үлкен жетілік (G7) елдеріндегі психологиялық қызметтің заманауи әдіс-тәсілдерін орта білім беру ұйымдарына ендіру барысында кездесуі мүмкін мәселелер мен қиындықтардыңқатары белгіленіп шешу жолдары ұсынылған.