ҚАНТ ДИАБЕТІМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДЫҢ РЕЗИЛЬЕНТТІЛІГІ МЕН СТРЕСКЕ ТӨЗІМДІЛІГІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2024.80.3.005
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Созылмалы аурулардың ішінде қант диабетімен ауыратын науқастар жылдан жылға өсуде. Бұл диеталық шектеулер мен дәрігер бақылауын қажет ететін созылмалы психосоматикалық аурулардың бір түрі. Сондықтан осындай қауіпті аурумен психологиялық күресудің және науқастардың стреске төзімділігін дамытудың маңыздылығы зор. Осы мақалада біз қант диабеті ауруымен және басқа да созылмалы аурулармен ауыратын науқастардың резильенттілігі мен стреске төзімділігі мәселесі бойынша өзімізбен жүргізілген зерттеудің нәтижелерін талдап, көрсетеміз.Эмпириклық зерттеу барысында негізгі таңдама тобы ретінде 2-ші типті қант диабетімен ауыратын науқастар алынып, басқа созылмалы аурулармен ауыратын науқастардан резильент-тілік пен стреске төзімділік бойынша айырмашылықтары анықталып, талданды.Аталмыш мақалада қарастырылған созылмалы аурулардан зардап шегетін пациенттердің стрестік жағдаяттарға психологиялық төзімділігі мен копингтік мінез-құлқын дамыту мәселесі-мен айналысатын психолог мамандар мен медицина қызметкерлері үшін пайдалы болмақ. Сондықтан, зерттеу нәтижелері 2-ші типтегі қант диабеті диагнозы бар адамдарға, сондай-ақ оларды жақындарына психологиялық қолдау шараларын жүргізуде өзіндік көмегін тигізе алады.