БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ҮЛГЕРІМІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2024.80.3.019
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала өзекті проблеманы, атап айтқанда оқу үлгеріміне арналған. Бұл проблема тек оқу үдерісінің қатысушыларынғана емес, сонымен қатар педагогтар мен психологтардың ғылыми ортасының да ерекше алаңдаушылығын тудыруда. Өйткені оқу үлгерімі -бұл мектеп өмірінің көп қырлы құбылысы, сондықтан да ол жан-жақты зерттеуді талап етеді. Сондықтан авторлар бұл мәселені онытек әлеуметтік, педагогикалық проблема ретінде ғана емес, басты психология-лық проблема ретінде қарастырған. Ғылыми әдебиеттер негізінде оқушылардың үлгеріміне теріс әсер ететін факторларды, себептер мен жағдайларға жете талдау жасалған. Жүргізілген зерттеу барысында бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімінің басты психологиялық факторы ретінде -мұғалімнің қарым-қатынас стилін анықтаған. Зерттеуде мұғалімдердің педагогикалық қарым-қатынас стилі әдістемесі (А.Б.Майский және Е.Г.Ковалева); Филлипс-тің мектептегі үрейленуін анықтау әдістемесі қолданылған. Сонымен қатар оқушылардың оқу үлгерімін анықтау мақсатында пән мұғалімдерімен әңгімелесу, оларға сауалнама жүргізу, оқушыларды бақылау және сынып журналын талдау арқылы диагностикалық жұмыстар кеңінен орын алды.