Аңдатпа
Цифрлық дәуірде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) білім берумен интеграциялау білім алушылардың XXI ғасыр дағдыларын қалыптастырудағы негізгі күшке айналды. Қоғам мен экономика бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып келе жатқанда, дәстүрлі академиялық білімнен тыс құзыреттіліктері бар кадрларға сұраныс артуда. Сыни тұрғыдан ойлау, қарым-қатынас, ынтымақтастық, шығармашылық, цифрлық сауаттылық және проблемаларды шешуді қамтитын ХХІ ғасыр дағдылары қазіргі әлемде табысқа жету үшін өте маңызды. Бұл зерттеудің мақсаты - аталған өмірлік дағдыларды дамыту үшін АКТ-ны қолдану туралы бар ғылыми әдебиеттерге жүйелі талдау жасау. PRISMA (Preferred Reporting Items for Systematic Reviews and Meta-Analyses) ұсыныстарына сәйкес Scopus базасын қолдана отырып, кешенді библиографиялық іздеу жүргізілді. Егжей-тегжейлі талдау үшін 11 мақала таңдалды. Нәтижелер білім берудегі АКТ-ның трансформациялық әлеуетін көрсетті, бұл олардың оқыту тиімділігін арттыру және білім алушылардың XXI ғасыр дағдыларын дамытудағы маңыздылығын көрсетеді. Алайда, АКТ-ны білім беру практикасына сәтті интеграциялау - технологияларға тең қол жетімділікті қамтамасыз ету, оқытушыларды даярлау және тиімді педагогикалық стратегияларды әзірлеу сияқты күрделі мәселелерді шешуді талап етеді. Бұл зерттеу ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту үшін АКТ-ны қалай қолдануға болатындығы туралы құнды ақпарат береді.