СЫМСЫЗ ЖҮРЕКТІ БАҚЫЛАУ ҚҰРАЛЫ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2024-133-4-123-132
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақала жүрек қызметін бақылауға арналған сымсыз және киілетін құрылғыны әзірлеуге арналған. Құрылғы ESP32 микроконтроллері мен AD8232 операциялық күшейткішін бір тақтада біріктіруге негізделген, бұл жинақы және энергияны үнемдейтін жүйені қамтамасыз етеді. Зерттеудің негізгі мақсаты – жүрек қызметін үздіксіз бақылай алатын және деректерді талдау үшін қашықтағы серверге жібере алатын құрылғы жасау. Ұсынылған технология жүрек параметрлерін өлшеудегі жоғары дәлдік пен сенімділікке ие. Мақалада құрылғының аппараттық іске асырылуы егжей-тегжейлі қарастырылады, оның жұмыс істеу принципі сипатталады, эксперименттердің нәтижелері ұсынылады және осы әзірлеменің медицина саласында практикалық қолдану мүмкіндіктері талқыланады.