Аңдатпа
Бұл мақалада электр энергиясы нарығындағы Виртуалды электр станциясы (ВЭС) үшін операциялық стратегияның түрлі нұсқаларын үйлестіру мүмкіндігі сипатталған. ВЭС моделі - электр энергиясы нарығында электр энергиясын сатудан түсетін жалпы пайданы барынша көбейту мақсатында, жел және күн электр станциясынан алынатын энергияны сақтау жүйесімен қамтылған энергетикалық жүйе болып табылады. Бұл модель ВЭС иелеріне баға төмен болған кезде энергияны нарықтан сатып алуға және оны нарықтық баға жоғары деп саналатын кезеңдерде қайта сатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, энергияны сақтау жүйесінің көмегімен желідегі ауытқуыды азайтуға болады.