Аңдатпа
Бұл жұмыс тасымалданатын ақпараттың өсіп келе жатқан ағыны аясында ұзақ қашықтықтағы жоғары өткізу қабілеттілігі бар оптикалық байланыстарды құрудың маңыздылығын зерттейді. Тасымалдау қашықтығы артқан сайын импульстердің кеңеюіне байланысты туындайтын мәселе, тиімді таратуды қамтамасыз ету үшін сигналдың дисперсиясын қалпына келтіруді (компенсациялауды) қажет ететін өзекті мәселе болып табылады. Мақалада дисперсиялық компенсациялау талшығы (DCF – dispersion compensation fiber) көмегімен дисперсияны компенсациялау әдісіне назар аударылады. Мақалада әртүрлі кіріс сигналының қуат деңгейлерінде DCF екі схемасын - жіберуге дейінгі және жіберуден кейінгі компенсацияларды Optisystem 21 бағдарламалау жүйесінде зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижелері DCF трансмиссиядан дейінгі компенсация схемасы төмен биттік қателік пен жоғары сапа факторына қол жеткізетінін көрсетеді, бұл оны оптикалық желілердегі дисперсиялық компенсацияның ең тиімді әдісі етеді.