БИОРЕАКТОРДАҒЫ АНАЭРОБТЫ АШЫТУ ПРОЦЕСІН БАСҚАРУДА IoT ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2024-133-4-459-467
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Жаһандық климаттың өзгеруіне және қазба отынының шектеулі ресурстарының сарқылуына қатысты алаңдаушылықтың артуына байланысты жаңартылатын энергия көздерін іздеу мәселелері маңыздылығын арттыруда. Анаэробты ашыту процесі вирустар, саңырауқұлақтар, гельминттер, бактериялар және протозоа сияқты микроорганизмдерді пайдалана отырып, қалдықтарды ыдырату арқылы жаңартылатын энергия көзі болып саналатын биогаз өндіріледі. Соңғы жылдары машиналық оқыту моделдерін анаэробты ашыту процесінің тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруда пайдалануда, сондай-ақ белгісіз параметрлерді болжауға, процестегі өзгерістерді немесе сәтсіздіктерді анықтауға және нақты уақытта бақылауға мүмкіндік береді. Мақалада анаэробты ашыту процесінде деректерді өңдеуде машиналық оқыту әдісінің жасанды нейрондық желілердің қолданылуы зерттелді. IoT технологиясы арқылы биореактордағы анаэробты ашыту процесі негізінде биогаз алу жолын басқару жүйесінің жалпы архитектурасы құрылды. SCADA ортасында жасалған биореакторда анаэробты ашыту процесін қашықтан басқару және мониторингті бақылауды қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған жүйе ұсынылды. Біз биореактордағы анаэробты ашыту процесін басқарудың және биогаз түрінде энергия, газ өндірудің тиімді шешім екенін анықтадық.