МЕКТЕПТЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫ АРҚЫЛЫ ГЕНДЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5657.2024.89.3.012
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада мектептегі әдебиет сабағы арқылы гендерлік әлеуметтендіру мәселесі қарастырылады. Адам баласының интеллектуалды еліктегіш бастау бұлақтарының бірі мектептегі әдебиет сабағы екені анық.Жаһандық үдерістерде актуалды мәселеге айналған гендерлік түсінік ықпалдары өскелен ұрпақ тәрбиесіне тікелей әсер етуде. Көркем әдебиеттегі гендерлік мәселелер оқушылардың жас ерекшелігіне қарай санасында түрлі сұрақтар туғызып, тіпті теріс позициялар да орнатуы мүмкін. Көркем әдебиет тек қана гедонистік қажеттіліктерді қанағаттанудың жолы емес, сонымен қатар қоғам туралы бірегей ақпарат көзі.Мақалада пәнаралық зерттеулерге көңіл бөліп, мектептегі 5-9 сыныптарда оқылатын қазақ әдебиеті сабағындағы прозалық шығармалар гендерлік аспектіде талданып, әлеуметтанушылық, психологиялық қырлары ашылады. Көркем шығармалардың оқушының гендерлік танымына әсері қарастырылады.