Орта ғасырлық Сарайшық қаласындағы зерттеу нәтижелері туралы

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52967/akz2024.3.25.175.185
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада 2022 жылғы орта ғасырлық Сарайшық қаласы орнындағы №3 қазбада жалғасқан археологиялық жұмыстың нәтижесі ұсынылған. Бұл жерде жүргізілген жұмыстар екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңдегі жұмыстар 2019 жылы жүргізілді, жоғарғы құрылыс қабатынан (ХV–XVI ғғ.) отбасылық жерасты жерлеу орындары – сағаналар мен ондаған жеке жерлеу шұңқырлары, тұрғын және шаруашылық бөлмелердің бөліктері анықталды. 2021 жылы, яғни екінші кезеңде № 3 қазбаны ары қарай тереңдетіп қазғанда солтүстік-оңтүстік бағытта созылған, ұзынша дәліздердің бойына қатарласып орналасқан бөлмелері бар алтын ордалық кезеңге тиесілі ғимараттың орталық бөлігі ашылды. Құрылымы жағынан бұл ғимарат құрметті қонақтарды, жолаушыларды, саудагерлерді қабылдайтын «хан» типтес қоғамдық нысанға жақын. Бұл нысаннан 30 м-дей жерде 1996–2008 жж. археолог З. Самашев ашып зерттеген 40-тан астам бөлмеден тұратын кешенді сарай «хан» (қонақ қабылдайтын орын) ғимараты орналасқан. Қаланың бұл ауданы керуеншілер, саяхатшылар, зиярат етушілердің түнеп ғибадат етуі үшін салынған құрылыстардан тұрған деген болжам бар.