АНТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АЗИЯЛЫҚ ӘЛЕМДЕР: ГЕНДЕРЛІК ПАРАЛЛЕЛЬ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48010/aa.v101i3.515
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – Ежелгі Грек полистеріндегі және көшпелі қоғамдардағы әйел орны мен мәртебесін салыстырмалы талдау негізінде тарихи контекстегі әйел статусы трансформацияларының панорамасын көрсету. Мақалада философия классиктерінің әйел жаратылысы мен әлеуметтік орны туралы көзқарастары талданды, гендерлік теңдік идеясының тарихи, генетикалық және әлеуметтік-мәдени бастаулары қарастырылды. Спарта мен Афинадағы әйелдердің жағдайы салыстырыла талданды. Екі түрлі полистегі екі түрлі әйел статусы - бір жағынан Платонның, екінші жағынан Аристотельдің – қос классиктің бір-біріне түбегейлі қарама-қарсы, екі түрлі шешімдеріне негіз болғаны тұжырымдалды. Мінсіз мемлекет жобасының авторы Платонның әйелдерді ерлермен тең ету жобасы талданды. Аристотельдің таптық және гендерлік құлдық туралы философиялық негіздемесіне талдау жасалды. Патриархалды антикалық мәдениеттегі неке мәселесі және гендерлік теңдік идеясының негізгі тенденциялары ашып көрсетілді.Гендерлік теңдік идеясының тарихи-генетикалық және әлеуметтік-мәдени бастаулары ашылды. Феминистік түсініктің тарихи прогресі, антикалық мәдениеттегі гендерлік теңдік идеясының ежелгі Қазақстан мәдениетіндегі қалыпты дәстүр болу ерекшелігі мен шарттары анықталды және түйінделді.Көшпелі қоғамдардағы әйел статусының жағдайы талданды. VI–X ғасырлардағы көшпелілер қоғамындағы нәзік жыныстылардың орны туралы тарихи жазбалардағы сипаттамалар қарастырылды. Әйел заты өзін азат сезінген көне қазақстандық және спарталық қоғамдар арасындағы ұқсастықтар нақтыланды. Тарихи-әлеуметтік, саяси-экономикалық трансформацияларға сәйкес қазақ қоғамындағы әйел статусының өзгеру панорамасы көрсетілді. Зерттеу барысында тарихи-генетикалық, салыстырмалы талдау, герменевтикалық диалектика принциптері қолданылды.