ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ САЯСИ БАҒЫТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ АЯТОЛЛА ХОМЕЙНИДІҢ РӨЛІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2024.82.3.024
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Иран Ислам Республикасы сыртқы саяси бағытының қалыптасуындағы аятолла Хомейни-дің рөлі қарастырылады. Ислам революциясының жеңісінен кейін Иранның сыртқы саяси бағыты түбегейлі өзгерді. Оның қалыптасуы ислам революциясының көсемі аятолла Хомейнидің діни-саяси ілім негізінде жүзеге асырылды. Хомейни шах режиміне қарсы күрес жылдары оппозиция басшысы ретінде қалыптасты. Мохаммед Реза шах Пехлеви тұсында Иран АҚШ-тың одақтасына айналып, елдің ішінде Американың ықпалы күшейген болатын. Сондай-ақ шахтың «ақ революция» саясатының салдары әлеуметтік жіктелісті күшейтіп, монархиялық биліккеқарсы күштерді біріктіреді. Монархиялық режимге қарсы күрес жылдары Хомейнидің сыртқы саясат бағдарламасы қалыптасады. Ислам режимінің сыртқы саяси бағытының қалыптасуы ислам факторы және азаттық пен тәуелсіздік идеялары негізінде жүзеге асырылады. Исламреволюциясының жеңісінен кейін жарияланған «Батыс та емес, Шығыс та емес, тек ислам» саясаты негізінде ислам режимі суверениттетік пен толық тәуелсіздік бағытын ұстануға көшеді. Ислам діні мен ұлттық мүдделерге негізделген сыртқы саясат принциптері ИИР конституциясында бекітіледі. «Хомейни кезеңінен» кейін халықаралық қатынастар жүйесі өзгеріс-терге ұшырағанымен, оның ілімі қазіргі Иранның сыртқы саясатындағы маңыздылығын жоғалтпады.