ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ТЫЛ ЖҰМЫСТАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ТҰРМЫСТЫҚ АХУАЛЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2024.82.3.026
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Кеңес үкіметі Қазақстанда орнағанға дейін қоғамдық және мемелекеттік міндеттер ер адамдардың әрекетімен жүзеге асты. Кеңес үкіметінің гендерлік теңдік саясаты әйелдердің қоғамдық істерге араласуына бірден жол аша қойған жоқ. Қыз балалардың орта мектептердебілім алу мүмкіндіктері біртіндеп жолға қойылды. Ағартушылық саласына әйелдердің тартылу үрдісі олардың әлеуметтік белсенділіктерін арттырды. Кейіннен индустрияландыру және ұжымдастыру науқандарында әйелдердің тұрмыстық рөлі күр өзгерістерге ұшырады. Әйелдердің әлеуметтік-шаруашылық жұмыстарға араласу әрекеттері ұлғая түсті және тұрмыстық рөлдері екінші орынға ауыса бастады. Бұл құбылысы бірқатар тұрмыстық қатынастардың өзгеруіне алып келді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы ер азаматтардың майданға аттануы тыл жұмыстарында жұмысшы тапшылықтың қиыншылықтарын тудырды. Білім саласында да кадр жетіспеушілігі аса байқалды. Бұл мәселенің кемшіліктерін толықтыру, кеңес билігіне шұғыл шешімдер қабылдауға итермеледі. Әйелдердіңәлеуметтік-тұрмыстық және мәдениет салаларындағы жауапкершіліктері олардың табиғи жаратылыс заңдарына қайшылықтар тудырды. Майданды азық-түлікпен, оқ-дәрімен қамтамасыз ету бойынша тапсырмалардың үлкен бөлігі әйелдердің тікелей қатысуымен жүзеге асты. Бұл үдерістер барысында әйелдердің тұрмыстық істерге араласуы қиындықтарға жол ашты. Бұл мәселе қазіргі отандық тарихта кемшін қарастырылып келе жатқан тақырыптардың қатарына жатады.Бұл мақалада Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстан әйелдерінен педагог кадрларын даярлаудың жалпы үрдісі пен күрделі кезеңдерінің аспектілері талқыланған. Сонымен қатар, әйелдердің әлеуметтік-қоғамдық рөлінің өзгеруіне қатысты идеялар пайымдалды.