1920-1930 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУАКӨШУ ЖӘНЕ БОСҚЫНШЫЛЫҚ ТАРИХЫН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2024.82.3.021
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Кеңестік биліктің 1920-30 жылдардағы жүргізген әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларының қуғын-сүргіндік тәсілдеріне наразылық ретінде республика тұрғындарының едәуір бөлігі мәжбүрлі түрде көрші елдерге ауа көшіп, соңы ашаршылық босқыншылығына ұласты. Осы тарихи құбылысты зерттеу және тарихи танымға айналдыру отандық тарихты өзектілендіретін тақырыптардың бірі. Зерттеудің мақсаты -ауакөшу құбылысының қуғын-сүргін тарихындағы орны мен ерекшеліктерін айқындап, ғылыми танымға айналдыру. Соған сай зерттеу нәтижелерін оқу бағдарламасына енгізу бойынша педагогикалық ізденістер жүргізу міндеті шешіледі. Нәтижелер: архивтік құжаттар мен естелік деректер бойынша жасалған талдаулар арқылы Қазақстанның оңтүстігінде орын алған мәжбүрлі ауакөшу құбылысының себептері мен салдарлары айқындалды. Көшу бағыттары мен қоныстану аймақтары нақтыланды. Ауакөшуге қатысты архивтік деректер базасы жасалды және ауакөшушілердің ұрпақтары-нан сұхбаттар алынып, естеліктер жинақталып, талданды. Зерттеунәтижелері мен жасалған қорытынды-ларды тарихи танымға айналдыру үшін «1920-1930 жылдардағы Қазақстанның оңтүстігіндегі ауакөшу тарихы» атты таңдау пәнінің мазмұны түзілді. Оқу бағдарламасы жасалды. Қорытынды: Ғылымижәне педагогикалық зерттеулер нәтижесі көрсеткендей өткен ғасырдың 20-30 жылдары кеңестік реформаларға қарсылық ретінде орын алған мәжбүрлі ауакөшудің стихиялы емес, ұйымдасқандық сипаты дәлелденді. Ауакөшуді ұлттың генефондын сақтап қалған фактор ретінде қарастыруға болады деген қорытындылар ұсынылды.