МҰРАЖАЙЛАРДЫҢ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ТАРИХИ САНАҒА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2024.82.3.022
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты –бұл зерттеу жұмысының негізгі мақсаты мұражайлардың өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесіндегі ағартушылық қызметіне баға беру болып табылады. Еліміздегі мұражайлардың басым шоғырланған аймақтарының бірі Түркістан облысы екендігі сөзсіз. Мақаланың мақсаттарының бірі Түркістан облысындағы мұражайлардың жастарды тарихи санаға тәрбиелеудегі рөлін ғылыми айқындауға арналған. Қазіргі таңда мұражайлар тек тарихи жәдігерлер мен құнды ескерткіштерді сақтап қоятын ғана орын емес қоғамды рухани тәрбиеге шақыратын орталық та болып саналады. Бұны батыс елдерінің тәжірбиесі жан-жақты көрсетуде.Зерттеу жұмысының міндеттерінің бірі мұражайлардың қоғамдық және мемлекеттік органдармен байланыстарының әлеуметтік-мәдени аспектілерін ашу болып табылады. Әсіресе, мұражайлардың білім мекемелерімен қарым-қатынастарының нәтижелерін талдау және баға беру маңызғаие. Бұл тұрғыда мұражайлардың жастардың қызығушылығын оята білетін технологиялармен жабдықталуына мән берілді. Зерттеу жұмысының өзектілігі мемлекеттің болашағы жастардың тарихи-мәдени санасының деңгейін зерттеумен өлшенеді. Жаһандық даму заңдылығында мектеп оқушыларының әлеуметтік желілер арқылы түрлі моралдық-психологиялық қысымдарға ұшырап жататандығы белгілі. Оның алдын-алу және күресу тарихи-мәдени сананы жаңғырту негізінде іске асатындығын белді ғалымдар ұсынып отыр. Осыған орай, бұл зерттеу жұмысында мұражайлардың қоғамдық тарихи сананы ояту мен ілгерілетудегі өзектілігіне жан-жақты пайымдар айқындалған.Зерттеудің нәтижесінд мұражайлардың жастармен тікелей қатынастарының мәні мен салдарларына көз жүгірте аламыз. Осы бағытта статистикалық мәліметтерге жүгініп, оның өсу көрсеткіштерін талқылауға талпыныстар жасалынды.