АҒЫЛШЫН ТІЛДІ ТАРИХНАМАДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТАРИХЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2024.82.3.015
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазақхандығының тарихы ХХ ғасырдың алғашқы жартысында-ақ ағылшын және американдық ғалымдардың зерттеу тақырыбына айналды, бірақ сол ғасырдың соңғы ширегінен бастап қана белсенді түрде зерттеле бастады. Содан бері мемлекеттің өткені кешенді түрде Орталық Азия халықтарының тарихы шеңберінде қарастырылып келген болса, ал қазіргі уақытта арнайы бірқатар іргелі еңбектер жарық көріп келеді. Жалпы Қазақ хандығы тарихын зерттеудегі күрделі мәселелерінің бірі оның барлық кезеңдері бойынша жергілікті дереккөздердің тапшылығы болып табылады. Бұл мәселе ағылшын және американдық тарихнамадан да байқалады, олардың басым бөлігінде парсы, шайбанилық сарай дереккөз-дері пайдаланылады. Шетелдік тарихнамадағы Қазақ хандығының тарихын зерделеудің бір ерекшелігі оның әлемдік тарихтағы рөлін түсінуге бағытталады. Соған орай зерттеудің мақсатытуындап отыр. Мақалада қазіргі заманғы ағылшын және американдық тарихи мектеп өкілдерінің Қазақ хандығының XVIII ғасырдың алғашқы ширегіне дейінгі тарихы туралы ғылыми зерттеу жұмыстары зерделенеді, соған сәйкес ондағы көтерілген мәселелерді қарастыру көзделеді. Сонымен, қазіргі ағылшын және американдық зерттеушілердің еңбектері туралы ғылыми ақпараттар осы жұмыс арқылы отандық ғылыми айналымға ұсынылады. Бұл зерттеулердің ерекшеліктері қарастырылып, пікірталас тақырыптарының кейбір мәселе-лері анықталады. Сондықтан шетелдік тарихнамадағы Қазақхандығы мәселелерінің зерделенуі оның маңыздылығын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар, тарихтың жан-жақты ашылуына, жаңа идеялар мен зерттеу тәсілдерінің тууына мүмкіндік береді.