АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ҚҰРҒАҒАН ҰЛТАНЫНДА ФИТОМЕЛИОРАЦИЯЛЫҚ ЕКПЕЛЕРДІ ӨСІРУГЕ АРНАЛҒАН ГАЛОФИТТЕРДІҢ БИОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37884/3-2024/48
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстандағы Арал өңірінің, яғни Қызылорда облысы бойынша галофиттердің биологиялық, экологиялық, анатомиялық ерекшеліктері туралы мәліметтер келтірілген. Шетелдік және отандық ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып, қажетті зерттеулерге шолу жасалып, тақырыптың көкейтестілігі, зерттеу әдістері анықталды. Өлкелік флораны сипаттайтын ғылыми әдебиеттер мәліметтерінің негізінде және далалық жұмыстар нәтижесінде Қызылорда облысы аймағында өсетін галофиттердің түрлері анықталды. Галофиттер тұқымдарының өнгіштігі мен өнуіне талдау жасалды. Арал теңізінің құрғаған ұлтанында тұқым себу арқылы фитомелиорациялық екпелерді құрудың агротехникасы, атап айтқанда бұтаның екі түрінің (Рихтер мен Палецкий шеркезі), бұташалардың бес түрінің (баялыш, Шығыс сораңы, Сарсазан, қарабарақ және жүзгүн) тұқымдарын дайындау, сақтау, жинау мерзімдері мен себу нормалары келтірілген. Арал теңізінің құрғаған ұлтанында галофитті өсімдіктердің тұқымын себу сұлбасы көрсетілді. Топырақтың орман өсіруге жарамдылығының 1-ші тобына жүзгіннің, 2-ші топқа – Палецкий шеркезі мен Баялыштың, топырақтың орман өсіруге жарамдылығының 2-3-топтарына Баялыштың, Рихтер шеркезінің және Күйреуіктің, 3–4-ші тобына - Каспий қарабарағы және Сарсазанның тұқымдарын себу ұсынылады.