Аңдатпа
Мақалада Жетісу облысы жағдайында қантты жүгері агроценозының зиянкесі мақта көбелегінің (Helicoverpaarmigera Hubn.) биоэкологиялық ерекшелігі және олармен күресу шараларытуралы талдау жасалған. Қантты жүгері дақылының агроценозындағы зиянкес мақта көбелегінің биоэкологиялық ерекшелігі зерттеліп, олардың ересек көбелектерінің динамикасын зерттеу үшін әртүрлі феромон тұзақтарының тиімдігілі анықталды. Жетісу облысы аумағында егу уақытына байланысты, мақта көбелегінің (Helicoverpaarmigera Hubn.) қантты жүгері дақылдарын зақымдауы мен оларға зиянкестердің қоныстануы зерттелді. Мақта көбелегінің санының ауытқып отыру себептері, алғашқы ұрпақ имаголарының ұшу уақытын болжаудың ең дәл әдістері анықталды. Сонымен қатар, қантты жүгері дақылына инсектицидтерді қолданып, олардың биологиялық, экономикалық тиімділігі бағаланды. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері негізінде қантты жүгері дақылын себудің оңтайлы мерзімдері мен оларға қарсы күресу шараларын қолданудың да оңтайлы уақыты анықталды. Мақта көбелегінің (Helicoverpa armigera Hubn.) зиянкестерімен күресу үшін Габробракон (Habrobracon hebetor) энтомофагын сынау, ұсақ мөлтекті аудандық тәжірибеде (ауданы 20 м2 ) күресу үшін биопрепараттар: Греен голд, 0,3% мас.э.(0,3%), Биобатурин, с.п. Bacillus thuringiensis 32000 IU/mg және химиялық инсектицидтер: Абалон, 1,8 % к.э. (18г/л), Барин, к.э. (36г/л), Цепеллин, к.э. (100г/л), Тиамамектин, 3,6%, к.э. қолданылып, қорғау шаралары жүргізілді. Сонымен қатар,өндірістік тәжірибеде (аумақ көлемі- 2 га) қантты жүгері егісінде химиялық инсектицидтер сыналды. Қолданған биопрепараттар мен химиялық инсектицидтердің мақта көбелегімен күресу кезіндегі көрсеткен тиімділі бойынша, биопрепараттардың тиімділі төмен болса, ал химиялық инсектицидтердің тиімділігі жоғары тиімділік көрсетіп отыр.