ҚЫЛШЫҚ ЖҮНДІ ҚҰЙРЫҚТЫ ҚОЙЛАРДЫҢ СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІНІҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37884/3-2024/06
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ауылшаруашылық малдарының жеке генетикасының маңызды мәселелерінің бірі-экономикалық пайдалы селекциялық белгілер арасындағы байланысты орнату. Сонымен қатар, байланыстардың мөлшері мен бағыты белгінің сипатына, селекцияның қарқындылығына және малдардың генотипіне байланысты болады. Осы тұрғыдан алғанда, еділбай қой тұқымының саулығын гиссар қойының қошқарымен шағылыстыру арқылы алынған бірінші ұрпақтардың селекциялық белгілерінің генетикалық параметрлерін зерттеудің маңызы зор және де бұл осы жұмыстың өзекті мәселесі болып саналады. Генетикалық-математикалық әдіс мал популяциясындағы, табынындағы селекциялық үрдісті талдау жасауға мүмкіндік береді, сонымен бірге белгілерге және малдардың өнімділік қасиетіне генотиптің және қоршаған ортаның әсері бағаланады. Ауыл шаруашылығындағы селекция нәтижелерін тұқым қуалаушылық (һ2), белгілердің қайталануы (rb), селекциялық белгілердің өзара байланысы (r), селекциялық дифференциал (SD), регрессия (R), селекциялық тиімділік (SE) сияқты параметрлер арқылы анықталады. «Байсерке Агро» ОҒӨО мал шаруашылығының әр түрлі генотипті қылшық жүнді құйрықты қойларының генотиптік өзгергіштігі белгілерінің арасын және өзара байланысын анықтауға бағытталған ізденістер қазіргі селекцияда үлкен өзектілікке ие және ғылыми-практикалық маңызы бар, өйткені зерттеу нәтижелерін қолдану малдарды бағалауға қажетті уақытты қысқартуға, оның қарқынын айтарлықтай жеделдетуге көмектеседі.