Аңдатпа
Бұл зерттеуде білім алушылар дене шынықтыру сабақтары кезінде қолданатын метакогнитивті страте-гиялар, сондай-ақ олардың әлеуетті әсері мен салдарлары талданды. Бұдан басқа, дене шынықтырумен айналысу арқылы мектеп оқушыларының метакогнитивтік қабілеттерін дамыту мүмкіндігі туралы мәселе қаралды. Эксперименттік зерттеу төрт кезеңнен тұрады: мектептердегі дене тәрбиесі жөніндегі әдебиетке шолу жасау, метакогнитивтік қабілеттерді бағалау үшін рәсімдер әзірлеу және пилоттық зерттеу жүргізу. Төртінші кезеңде деректерді жинаудың негізгі құралы мектеп педагогтарын, сыныптар мен сабақтарды қоса алғанда, зерттеуге қатысушылармен жүргізілген жартылай құрылымдалған сұхбаттармен толықтырылған арнайы әзірленгенсауалнама болды. Зерттеудің алдын ала кезеңі барысында алынған деректер негізінде он үш жастан он бес жасқа дейінгі білім алушылар тиімді метакогнитивтік қабілеттерді дамытуда қиындықтарға ұшырайды деген қорытынды жасауға болады.