БОЛАШАҚ АРНАЙЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ИНКЛЮЗИВТІ ЖАҒДАЙДА ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ДАЙЫНДЫҒЫН БАҒАЛАУ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2024.83.3.020
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада авторлар заман талаптарына сәйкес арнайы педагогтарды дайындау мәселелерін қарастыра отыра, әдіснамалық тұрғыда шетел және отандық ғалымдарыдың ой-пікірлері мен еңбектеріне талдау жүргізді. Авторлар «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттердің инклюзивті ұйымдардағы болашақ кәсіби қызметке деген сенімдері мен қатынасына байланысты зерттеу жүргізді. Олардың жалпы білім беретін ұйымдардағы арнайы педагог (дефектолог) жұмысының ерекшелігі туралы білім деңгейдерін зерттей отыра, ЖОО-да оқу кезінде болашақ арнайы педагогтерді инклюзивті білім беру жағдайында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыруға бағдарланған даярлаудағы ықтимал кемшіліктер мен мәселелерді анықтайды. Студенттердің инклюзивті бағытталған кәсіби құзыреттіліктерін, оның ішінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыруға қатысты жүргізілген сауалнама нәтижесін талдау негізінде мақала авторлары университетте болашақ арнайы педагогтерді неғұрлым тиімді даярлауды қамтамасыз ету бойынша тәжірибелік ұсыныстар көрсетеді.