HYFLEX ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТІҢКӘСІБИ ЖЕТІСТІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2024.74.3.013
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргітаңда ақпараттытаратутехнологиясы мен әдістерінің дамуыменбіргеоқыту мен білім беру мүмкіндіктері де артуда. Әсіресесоңғы 3 жылдағы ең маңызды және өзекті мәселелердің бірі қашықтықтаноқытуға жылдам және мәжбүрлі көшу болды.Осы орайда замауи педагогика жаңа ұғымды – «гибридтік оқытуды» белсенді түрде талқылауда. Қазіргі уақытта бұл салада нақты терминологиялық аппарат әлі қалыптаса қойған жоқ. Гибридті оқытудың негізгі идеясы білім беру мақсаттарына жету үшін онлайн, офлайн немесе екеуінің комбинациясы оңтайлы үйлестіру болып табылады.Гибридті оқыту технологиясы салыстырмалы түрде жаңа құбылыс екенін ескере келгенде, оның қолданылуы мен тиімділігін қарастырған зерттеулердің аздығы байқалады.Бұл мақалада, Hyflex технологиясын өз тәжірибесіне сәтті енгізген шет елдердің университеттерінің және американдық мектептеенгізу тәжірибесі талқыланды және нәтижелерісипатталды, сонымен қатаржоғары оқу орнында осы оқыту моделін қолдану негізінде қорытындылар берілді. Эксперименталды зерттеуде 10 сұрақтан тұратын авторлық сауалнама құрастырылып бейімделінді. Жоғарғы оқу орны студенттері арасында жүргізілген бұл зерттеуде студенттердің көпшілігі гибридті оқыту технологиясы қолдайтынын, Hyflex технологиясы арқылы білім беру студенттердің кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастыруға және кәсіби мотивациясын күшейтуге үлкен ықпал ететінін анықтадық. Қорыта келгенде, жалпы бұл технологияға білім алушылардың оң қарым-қатынасы анықталды.Осылайша, бұл технологияның өзін қолдану сапасын арттыруға, сонымен қатар студенттерге өз мамандығы бойынша тереңдетіп білім алумүмкіндіктерін жақсартады.