Тілдік санадағы сакралды лексика көріністері

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2024-148-3-44-59
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Әле мдегі ұлт тілдерінің лексика-семантикалық жүйесінде ортақ сипаттар мен сол тілді иеленушілерге тән семантикалық кеңістік бөліктері болады. Солардың ішінде сакралды лексика әрбір ұлттың тарихымен, тұрмыс-тіршілігімен, таным-түсінігімен, дінімен ажырамас бірлікте қарастырылып,ұлт тіліне тән мағыналық кеңістікті түзетін лексикалық топты құрайды.Қазақ лингвистикасында сакралды лексиканың семантикасы, этимологиясы,киелі сөздердің ұлттың тұрмыс-тіршілігі, танымымен байланысы, қасиет-киені иеленуінің басты себептері этнография, тарих, мәдениет салаларымен сабақтастықта зерттелгенімен, бүгінгі ұрпақтың тілдік санасындағы сакралды лексиканың қалайша ұғынылып, қабылданатыны, қандай сөздермен репрезентацияланатыны қарастырылмады. Сондықтан мақала тілдік сана көріністері арқылы ұлттың, ұлт тілінің өміршеңдігін анықтауда ғылыми-тәжірибелік жағынан өзекті.Ұлт таным-түсінігінде киелі семаны иеленген бірліктердің қазіргі уақыттағы ассоциациялық көріністерін айқындау – зерттеудің мақсаты. Бесік, садақ,ұршық сөздерімен байланысты тілдік санадағы бейнелерді анықтау тіл менұлттың ажырамас бірлігін түсінуге, ұлттық кодтың сақталуын бағамдауға, жаһандану дәуірінде, мәдениеттер тоғысында өмір сүріп жатқан ұлттың бірегейлігін ана тілі арқылы тануға мүмкіндік береді.Тілдік санадағы сакралды лексика көріністері еркін ассоциациялық тәжірибе,сауалнама жүргізу арқылы айқындалды. Нәтижесінде тілдік сана көрінісіндеұлттық сипаттың басымдығы ашылды, сакралды бірліктердің жастар санасында халықтың тұрмыс-тіршілігімен, салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен байланысты ақпараттармен сақталғаны анықталды. Бұл тіл арқылы ұлттысақтауда, қазақ танымындағы киелі дүниелердің мән-мағынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде маңызды. Тәжірибеге қатысушылардың жекелеген жауаптарынан өзге мәдениеттің де ықпалы байқалды. Ол бесік, садақ, ұршық стимул сөздеріне берілген реакциялар арқылы айқындалды.