Аңдатпа
Қазақ тіл білімінде тілдік жүйенің белгілі бір бөлігімен көрінетін идеяларды, стереотиптерді қайта құруға мүмкіндік беретін тілдің лингвомәдени құндылықтары біз үшін маңызды болып табылады.Аталмыш мақалада тілдерді немесе олардың көпшілігін сипаттайтын тілдік универсалиилердің когнитивті аспектісі талданады. Осылайша, антропоцентристік парадигма аясында жалпы және жеке тілдіксипаттамаларды белгілеу жүзеге асырылады, нәтижесінде қазіргі тіл білімі ғылыми бағыттардың конгломераты ретінде ұсынылып отыр. Әмбебап тілдік сипаттамалар лингвомәдени зерттеулер үшін ақпараттық материал ретінде қарастырылған. Олар сөздің басқаобъектімен ұлттық анықталған интерпретациясын нақты немесе мәденикодтарға негізделген бірліктер арқылы жеткізеді. Негізгі және әмбебап кодтар арқылы әр мәдениет қолданысындағы тілдік бірліктердің ара жігі ажыратылады. Олар лингвистикалық дүниетанымды анықтау және білдіру үшін қолданылады. Бұл зерттеу жұмысында мұндай кодтардың болуы тәжірибе мен білімді көрсететін стереотиптердің пайда болуын түсіндіруге мүмкіндік беретіні туралы талданады. Негізгі түйін, мәдени код ұғымы заманауи лингвистикадағы негізгі ұғымдардың бірі болып табылады. Мәдени кодтар арқылы мәдени маңызды ақпарат жиналадыжәне беріледі, бұл мәдениетаралық коммуникация процесінде өтемаңызды деп білеміз.