Аңдатпа
Ағылшын жазушысы, актер Уильям Шекспир әлемге өзінің пьесаларымен қатар сонеттерімен де аса әйгілі. Ақын қаламынан саны 154-ке жететін әсерлі де тартымды сонеттер шыққан еді. Автор өзінің бұлжұмысында түрлі тақырыптарды қамтып, әр алуан бейнелерді һәм бейнелеу құралдарын шебер қолданған. Оның, әсіресе, 18 және 130-сонеттері өте танымал. Осы тұрғыдан, ұсынылған мақалада 130-сонет қарастырылып, оның орыс және қазақ тілдеріндегі аударма нұсқалары талданады. Бұл зерттеудің мақсаты – У. Шекспирдің 130-сонетінің қазақ тіліндегі тәржімесініңерекшеліктерін анықтау және зерделеу. Мақала, түпнұсқа мен аударма нұсқалары арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды, сондай-ақ әр аудармашының тәржіме жұмысында қолданған әдіс-тәсілдерін анықтауғабағытталған. Бұл ғылыми жұмыстың идеясы – сонеттің үш нұсқасын салыстыру, Самуил Маршак және Хамит Ерғалиев нұсқаларында кездесетін өзгешіліктерді дәйектеу. Берілген мақаланың ғылыми маңыздылығыХ. Ерғалиев аудармасындағы сонеттердің жеткіліксіз зерделенуінде.Зерттеудің практикалық маңыздылығы ұсынылған деректердің студенттер,магистранттар және докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына пайдалы болуымен айқындалады. Ғылыми жұмыс барысында У. Шекспир сонеттері, көркем аударма, сонет аудармасына байланысты ғылыми тұжырымдар ескеріліп, салыстыру, сипаттамалы, аналитикалық әдістеркеңінен қолданылды. Аталған әдістер сонеттің түпнұсқасы мен оның С.Маршак аударған орыс тіліндегі және Х. Ерғалиев тәржімелеген қазақ тіліндегі нұсқаларының арасында әртүрлі айырмашылықтардың бар екендігітуралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді.