ОРАЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫНАН (ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ.басы)

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47649/vau.24.v74.i3.05
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Білім беру ісі қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырушы әлеуметтік институт болып табылады. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғ. басындағы өнеркәсіптің өсуі білім беруде практикалық кәсіби дағдыны игерген мамандарды қажет етті. Осыған орай мақалада Орал өңірінде қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі кәсіптік білім беру ісінің қалыптасу барысы қарастырылады. Мақалада негізі көңіл 1860-1915 жылдар аралығындағы кәсіптік білім беру жүйесінің, оның алғашқы түрлері реальды училище, төменгі ауылшаруашылық мектептері, қолөнер мектептері, оқытушылар семинариясының қалыптасуы мен даму мәселелеріне аударылады. Себебі бұл кезең кең байтақ Қазақстанның патшалы Ресеймен шектес бөлігінде экономикалық және қоғамдық өмірге тән даму үдерісіне сай кәсіптік білім беру ісінің негізінің қалану уақыты болып табылды. Осыған орай мақалада алғашқы кәсіптік білімге бағытталған оқу орындарының ашылуы мен даму тарихы, мәселеге қатысты зерттеу еңбектерінің деңгейі, алғашқы оқу орындарына қатысты жалпыимпериялық заңдар мен ережелердің таралу жағдайы қарастырылады. Мақала мақсаты Ресей империясына тәуелділік кезеңіндегі Қазақстанның Ресеймен шектес аймағы ретіндегі Орал облысындағы алғашқы кәсіби білімнің негізінің қалануы, оның алғышарттары мен ғасырлар тоғысындағы даму жағдайын, оның тиімді және тиімсіз тұстарын қарастыру болып табылады.