Аңдатпа
Шетелден адами капиталдың келуі ел немесе аймақтың экономикасы үшін оң жағдай болып есептелсе, адами капиталдың елден кетуі экономикаға құйылатын инвестицияның қысқаруымен тең деп қарастыруға болады. Сонымен, адами капиталдың кетуі бір елдің экономикасынан капиталдың алынуы және басқа бір елдің экономикасына қосылуы деген сөз. Қазақстанда соңғы жылдары көші-қон ағынының серпіні жоғары білімді эмигранттардың санының өсуі мен елге келген жоғары білімді иммигранттар ағынының азаюымен сипатталады. 2022 жылы елге қоныс аударғандар санының алдыңғы он жыл көрсеткіштерімен салыстырғанда екі есеге қысқарғаны байқалады. Бұл елден кеткендердің көпшілігі білімі бар жастар мен білікті мамандар екенін, оның Қазақстан Республикасының адами капитал сапасына әсер ететіндігін көрсетеді. Берілген мақалада Атырау облысының адами капиталының көші-қоны қарастырылып, өңірдің экономикалық дамуына, оның еңбек нарығына көші-қонның әсері анықталды. Зерттеудің басты мақсаты Атырау облысында адами капиталдың көші-қонын зерттеу, оның себептерін анықтау және өңірлік деңгейдегі көші-қонды реттеу шараларын жетілдіруді қарастыру. Зерттеудің практикалық маңыздылығы Атырау облысында көші-қон бойынша бірқатар мәселелер мен үдерістер бар екендігін нақтылау және осы мәселелерді шешуде ұсыныстар беру.