ХОТОН ТІЛІНДЕГІ ЕТІСТІКТІҢ КЕЙБІР ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚОСЫМШАЛАРЫ ТУРАЛЫ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2024/iss3pp127-137
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Тіл тарихын зерттеу мәселесі ғылымның даму барысында өзінің өзектілігін жоймайды. Бұл бағытта хотон тіліндегі грамматикалық қосымшаларды шығу, даму тарихы тұрғысынан зерттеудің де маңызы бар. Мақалада етістіктің есімше, көсемше және рай жұрнақтарының хотон тіліндегі сипаты мен қолданысы қарастырылады. Зерттеу нысанына алынған хотон тіліндегі аталған грамматикалық қосымшалардың қалыптасуы мен дамуы туралы теориялық негізге А.Н. Самойлович, Э. Тенишев, Н.А. Баскаков, С.Е. Малов, Х. Отгон, Г.Д. Санжеев, А.Д. Донгак, М.Томанов, А.Ысқақов және т.б. ғалымдардың ғылыми тұжырымдары алынды. Ал талдау деректеріне Г.Н. Потанин мен Б.Я. Владимирцовтың еңбектерінде берілген сөздіктерден жинақталған тілдік материалдар негіз болды. Шағын хотон этносы тіліндегі етістіктің кейбір грамматикалық қосымшаларын зерттеу барысында тілдік деректерді саралау жинақтау, жүйелеу, салыстыру, салыстырмалы-тарихи және талдау әдістері арқылы жүзеге асырылды. Есімше, көсемше, рай жұрнақтарының дереккөздерден жинақталған тілдік бірліктер құрамындағы қызметі мен қолданысындағы ерекшеліктерін анықтауда зерттеу нысанына қатысты дереккөздерге шолу жасалып, ғылыми көзқарастар зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне қарай дәйектелді.