Аңдатпа
Мемлекет саясатымен жүргізілген энергия үнемдеу іс-шарасының негізгі мақсаты - өнім бірлігіндегі энерготасығыштардың барлық түрінің салыстырмалы шығынын және оған көрсетілетін жұмыс күшін азайту. Қазақстан Республикасының "Энергия үнемдеу туралы" заңы 1997 жылы 25 желтоқсанда қабылданған. Осы заң Қазақстан Республикасының отын-энергтикалық ресурстарын тиімді пайдалануға арналған экономикалық және ұйымдық жағдайларды құру мақсатындағы энергия үнемдеу саласының қоғамдық қатынастарын реттейді. Энергия үнемдеу саласындағы саясат – энергия үнемдеусаласындағы құқықты, ұйымдарды және финастық-қаражатты реттеу қызметі. Сонымен қатар, басқа да түсініктер бар: отын-энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану – осы уақыттағы техника мен технологияның даму деңгейі бойынша жоғары нәтижелі, техника жағынан мүмкіндігі мол, отын- энергетикалық ресурстарын үнемді пайдаланатын және технологияның қоршаған ортаға әсерін бір уақытта азайтатын іс-шара. Отын-энергетикалық ресурстарын үнемді пайдаланудың көрсеткіштері – кез келген өнімге, жұмысқа немесе қызметтерге арналған отын мен энергияның салыстырмалы шығынын белгілі мөлшерге регламенттау (белгілі тәртіпке келтіру).