А. Кемелбаеваның прозасын мектеп оқушыларына оқытудың өзектілігі

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2024-3-74-83
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Жаһандану мен жасанды интеллект қарыштап дамып жатқан заманның жас жеткіншегінің ұлттық әдебиетке қызығушылығы төмен екені тәжірибеде дәлелденіп отыр. Себебі әдебиет – қоғамның айнасы. Оқырман туындыдан өзі өмір сүріп отырған дәуірдің, өз замандасының бейнесін қаншалықты көре алса, шығарма соншалықты тартымды болары сөзсіз. Заман секілді әдебиет те үнемі динамикада болатын құбылыс. Бүгінгі күннің жас оқырманын қызықтыратын тың туындылар жазылып жатыр, тек оларды оқыту ісі кенжелеп тұр. Зерттеу барысында алынған сауалнама мен сұхбаттасу нәтижелері бұл пікірді айғақтайды. Сондықтан ХХІ ғасыр оқырманының сұранысын қанағаттандыратын материал іріктеліп және сол материалды дұрыс оқыта білу жолға қойылуы тиіс. Мақаланың мақсаты – мектеп оқушыларының қызығушылықтарын оятатын туындыларды дүниеге әкеліп жүрген жаңа заман жазушысы Айгүл Кемелбаеваның шығармаларын талдау, мектеп бағдарламасында берілген әңгімелерін дұрыс оқытуға және талдатуға бағыт беру.