География пәнінде диверсификация ұғымын оқытудың әдіснамалық негізі

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2024-3-84-97
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақаланың басты мақсаты аймақтардың экономикалық жағдайына сай әртараптандыру ұғымын сабақта қалыптастыру,жетілдіру. Экономикалық тұрғыда (әртараптандыру) диверсификация ұғымы жайлы көптеген ақпараттар берілген. Әртараптандыру ұғымының аясы кең болғандықтан, мақалада қарастыруды жөн көрдік. Әртараптандыру экономиканың даму барысында, өндірісті,шаруашылық саласын қайта құруда қолданылатын әдіс. Шетелдік басылымдар негізінде мысалдар келтіріп, шаруашылықтың нарыққа сай жаңаруы жайлы ғалымдардың еңбектері қарастырылды. Қазіргі заман талабына сай шаруашылық салалары,оның жеке секторлары жаңарып, мамандандырылуға бейімделген. Қалыптасып түрленуі – өз кезегінде әртараптандырудың көрінісі болғандықтан география сабақтарында осы ұғымды түсіну бағдарлама мақсаттарын ескере отырып қарастырылды. Қазақстанның экономикалық аудандарының құрылуы жайлы тарихи деректер негізінде экономикалық аудандастыру мен экономикалық әртараптандыру ұғымдарын байланыстырып, ерекшеліктеріне ғылыми мазмұнда дәлелдемелер келтіріледі. Мақалада Қазақстан экономикалық дамуында қолданылатын әртараптандыру ұғымын оқытудың оқу әдістемелік негіздері қарастырылды. Зерттеу барысында алдыға қойған мақсатымыз – экономиканы әртараптандыру ұғымын талдап, орта мектептерде білім беру барысында кеңінен насихаттау,педагогикалық тұрғыда оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру. Экономикадағы әртараптандыру үдерісін жаңартылған білім мазмұнындағы мектеп бағдарламаларында қолданудың әдіснамалық негізіне тоқталып, талдаулар жүргіздік. Мазмұнды талдау барысында әртүрлі әдістер қолданылды, соны ішінде диахронды салыстыру әдісіне назар аударылды.