“ҚЫЗЫЛ МИЯ” ӨСІМДІГІНІҢ ТАМЫРЫНАН ГЛИЦИРРИЗИН ҚЫШҚЫЛЫН СИНТЕЗДЕУ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2024.2518-1491.238
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мия өсімдігі Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктердің негізгі түріне жатады. Бұлар-ботаникалық қасиеттерінің жіктелуіне байланысты бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның шөл, шөлейтті, далалы аймақтарында өсетін бірнеше түрі бар. Қызыл мия тамыры медицинада қақырық түсіретін, іс жүргізетін, тыныс жолдар ауруын бәсеңдететін, суық тигенге қарсы дәрі ретінде пайдаланылады. Қызыл мия препараты суық тигенде, тыныс жолдарының қабынуына, аллергиялық тері ауруларына ем. Глицирренат препараты трихомонат және гинекологиялық ауруларды, халкорин, асқазан және бауыр ауруларын емдеуге ұсынылған. Мия өсімдігінің тамырында ең белсенді әрі активті биологиялық, фармакологиялық негізгі компонент «глицирризин қышқылы» болып есептеледі. Бұл қышқыл – пентациклді үштерпеноидты сапонин болып табылады және оның концентрациясы Қызыл мия өсімдігінің тамырымында 25%-ды құрайды, сондай-ақ тамырдың құрамында полифенолды қосылыстардың үлесі 3-5%-ға жуық болып келеді. Глицирризин қышқылы мия өсімдігінің тамырында калий, кальций және магний тұздары ретінде кезедеседі. Таза глицирризин қышқылын синтездеу концентрлі күкірт қышқылы қатысында жүзеге асады. Ол туралы эксперименттік бөлімнің зертханалық жұмыстары жүргізілді. Зерттелетін өнімге сандық талдау жасалды. Зерттеу барысында еріткіш ретінде су, аммиак алынды. Зерттеу нысаны мия өсімдігіне салыстырмалы талдау үшін географиялық орнына сәйкес Қызылорда облысы мен Батыс Алтай тауларының бөктерінде өсетін «Қызыл мия» өсімдігінің тамыры және Орал тауларының бөктерінде өсетін «Орал мия» өсімдігінің тамыры алынды. Талдау көрсеткіші ретінде масса анықталды. Мақалада глицирризин қышқылының сандық құрамын анықтау және экстракттың құрамындағы биологиялық белсенді заттардың сапалық қасиеттері салыстырамалы талданып, зерттеу жүргізу және нәтижелерін өңдеу баяндалған.