Аңдатпа
«Төңкерілген оқыту» әдісі ұғымына толық түсініктеме берілген. Білім беру саласында бұл әдістің мұғалім мен оқушылар үшін маңыздылығы айқындалған. Сондай-ақ, бұл әдістің артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасалған. «Төңкерілген оқыту» оқыту технологиясының Блум таксономиясымен байланысы қарастырылды. «Төңкерілген оқыту» әдістің география сабақтарында пайдаланудың ерекшеліктері көрсетілген. Қашықтықтан білім алу және қашықтықтан оқыту атты екі ұқсас ұғым бар, бірақ олар бір-бірінен ерекшеленеді. Қашықтықтан білім алу дегеніміз – компьютер мен телекоммуникациялық технологиялар жүйесі арқылы жүзеге асатын оқыту процесі. Ал қашықтықтан оқыту дегеніміз мұғалім мен оқушы тапсырмаларды орындауда, техникалық байланыс құралдарын қоса пайдаланумен өтетін оқу процесі. “Төңкерілген оқыту” түсінігі белсенді оқыту, оқушыларды жалпы әрекеттерге тарту, біріктірілген оқыту жүйесі және подкаст сияқты идеяларға негізделген. Бұл “Tөңкерілген сынып” құндылығы сабақ уақытын топтық жұмыспен өткізу кезінде оқушылар бір-бірімен лекция мазмұнын ортаға салып, өз білімдерін тексеріп және бір-бірімен практикалық жұмыста тығыз байланыс жасай алу мүмкіндігіне ие. Бұл әдісті қолдану үшін ғаламтордың қолжетімді болуы да негізгі факторлардың бірі болып табылады. Мұғалімдер тақырып бойынша бейнесабақтар түсіріп, осы тәсілдің көмегімен оқу сапасын арттыра алады. Мұғалімдер бұл әдісті қолдану кезінде оқушыны ғана АКТ пайдлануды үйретіп қоймай, өздері де қатар үйреніп, бірге дамиды. Мұғалім мен оқушыны жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа, уақыт үнемдеушілікке бірігіп талпынады.