ЖҮКТЕЛГЕН ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ТЕҢДЕУІ ҮШІН БЕЙЛОКАЛЬДІ ШЕТТІК ЕСЕПТІҢ ШЕШІЛІМДІЛІГІ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2024.t77.n3.02
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Жүктелген дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер жүйесі үшін бейлокальді шеттік есеп зерттеледі. Мұндай шеттік есептер физикалық, биологиялық, экологиялық және басқа процестердің математикалық, оның ішінде қолданбалы есептердің дифференциалдық моделі түрінде кездеседі. Жүктелген дифференциалдық теңдеулер тұйық популяцияның динамикасын, қатты ортада болатын процестерді және т. б. сипаттайды. Жүктелген дифференциалдық теңдеулер интегро-дифференциалдық теңдеулердің интегралдық мүшесін ауыстыру кезінде, сондай-ақ интегро-дифференциалдық теңдеулер жүйесінің жуықталған шешімін құру кезінде пайда болады. Жүктелген дифференциалдық теңдеулер үшін бейлокальді шектелген шеттік есептер айтарлықтай қызығушылық тудырады. Жүктелген дифференциалдық теңдеулердің кейбір кластары үшін есептерді зерттеудің конструктивті әдістерін құруға арналған жұмыстардың едәуір саны бар. Белгілі болғандай, әр түрлі әдістермен осындай теңдеулер үшін шеттік есептердің шешімінің бар және жалғыз болуының шарттары алынды. Екінші ретті дербес туындылы дифференциалдық теңдеу үшін бейлокальді шеттік есебінің бір мәнді шешімділігі зерттелді. Жүктелген дербес туындылы дифференциалдық теңдеу үшін бейлокальді шеттік есептің және бірінші ретті дербес туындылы дифференциалдық теңдеу мен байланыстырушы интегралдық қатынас үшін бейлокальді шартты шеттік есептің шешімдерінің эквиваленттілігі тағайындалды. Қарастырылған шеттік есептің шешімін табу алгоритмі ұсынылған.