ҚАЗАҚРЕСМИ-ІСКЕРИ СТИЛІ: СИПАТТАМАСЫ, СТАНДАРТТЫ ТІЛДІК БІРЛІКТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2024.3.74.001
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қоғамның коммуникативтік кеңістігінде қазақ тілінің өміршеңдігін сақтау, бәсекеге қабілетін арттыру, қолданыс аясын одан әрі ұлғайту стратегиясы қазіргіЖаңа Қазақстан кезеңінде сындарлы түрде жалғасып келеді. Бұл ретте тіл саясатын оңтайлы жүзеге асыруда әдеби тіл жүйесіндегі тармақтарды әрбір стильдің ерекшеліктерін кешенді қарастырудың және жеке-дара талдаудың маңызы зор.Қазіргі кезеңде қазақ тілінде ресімделетін ресми құжаттар мен іс қағаздарының (директивтік, әкімшілік-басқарушылық, құқықтық, дипломатиялық қатынастар жөніндегі құжаттар мен іс қағаздары) көлемі барынша ұлғайды.Осыған орайқазіргі қазақ ресми-іскерлік стилінің жүйелі-кешенді, құрылымдық-мазмұндық сипаттамасын қараудың өзектілігі мынадай факторлармен байланысты:а) қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдерінің қатарында ресми-іскер истиль – сыртқы лингвистикалық факторларға байланысты құрылымдық сипаттамасы мен мазмұны, стилистикалық айырымбелгілері толық айқындалмаған салалардың бірі; б) ресми мәтіндер әдеби тілдің лексикалық құрамына тән динамикалық процестерді зерттеу үшін эмпирикалық материалды таңдауда негізгі дереккөзге айналады.Зерттеу жұмысының мақсаты –қазіргі қазақ ресми-іскери стилінің құрылымдық-мазмұндық сипаттамасын, стилистикалықайырым белгілерінайқындау. Қазіргі қазақ ресми-іскери стилі мәтіндеріне тән басым үдерістерді анықтауәрімәтін тұтастығына тән сипаттарды айқындау мақсатында жинақтау, іріктеу, түсіндіру, жүйелі-құрылымдық, синхронды сипаттау, синтездеу, қорыту әдістеріқолданылды. Зерттеу жұмысының нәтижесіндеқазақ ресми-іскери стилі мәтіндерінің тұтастығын анықтайтын құрылымдық-мазмұндық ерекшеліктері – ақпарат сапасын анықтайтын тілдік бірліктер, коммуникативтік сапаны анықтайтын тілдік бірліктер анықталды.Ресми-іскери стильдің барлық үлгілерін жинақтап, қазақ тілінің табиғи заңдылықтарына сәйкес стилдік байлаулы белгілері жүйеленген, емле және тыныс белгілері біріздендірілген, кодификацияланған формалды тілдік модельдерін жасау қажеттілігі айқындалды.Зерттеу жұмысы қорытындысының практикалық негізі іс жүргізу үлгілерінің архитектоникасына тән лексика-грамматикалық құрылым жүйесі қазақ тілі бойынша кәсібибілім берудің, орта және жоғары білім беру жүйесінде ғылым мен техника саласында мемлекеттік тілді меңгерудің негізгі, беделді көзі болып табылады.Ресми құжаттарды қазақ тілінде жүргізу қоғам мүшелерінің мемлекеттік тілді меңгерудегі саналы ұстанымын қалыптастыруға оң әсер етеді.