ТЕРМИНЖАСАМДАҒЫ МЕТАФОРАНЫҢ КОГНИТИВТІК МЕХАНИЗМДЕРІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2024.3.74.019
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала терминжасамдағы метафораның когнитивтік механизмдерін анықтауға арналады. Зерттеу нысаны –офтальмологияның қазақ және ағылшын тілдеріндегі терминжүйесі. Зерттеудің пәні –метафора офтальмология терминологиясындағы арнайы білімді бейнелеу тәсілі ретінде. Зерттеудің мақсаты –атау теориясы мен когнитивті лингвистика тұрғысынан метафоралық модельдеу ерекшеліктерін және қазақ және ағылшын тілдеріндегі офтальмология терминжүйесіндегі метафораланудың қолдану тәсілдерін түсіндіру. Зерттеудің мақсаты мен пәні мынадай нақты міндеттерді шешуге бағытталды: 1) қазақ және ағылшын тілдеріндегі офтальмологиядағы метафоралық терминдер корпусын және олардың атауыштық сипаттамаларын анықтау; 2) зерттелетін терминжүйені қалыптастыруда метафоралық атаудың ерекшелігін белгілеу; 3) термин-метафоралардың негізгі көздерін анықтау және зерттелетін терминжүйеде метафоралық модельдер құру; 4) метафоралаудың вербалдану тәсілдерін зерделеу және зерттелетін терминжүйеде метафораның модельдерін ұсыну.Зерттеу материалы ретінде монографиялардан, терминологиялық түсіндірме сөздіктерден, энциклопедиялардан, анықтамалықтардан, Интернет-каталогтардан, салалық журналдардан, сондай-ақ ресми құжаттардан, халықаралық жіктемелерден және т.б. үздіксіз іріктеу әдісімен алынған дара, күрделі қазақ және ағылшын тілдеріндегі термин-метафоралар алынды. Зерттеудің теориялық маңыздылығы оның нәтижелері жалпы терминжүйелерді және офтальмология терминжүйесін талдау әдістемесін жетілдіруге ықпал етуі мүмкін. Терминдерді зерттеу үшін когнитивті талдау әдістерін қолдану және терминжасамдағы метафоралардың қызметін анықтауға, метафора теориясының одан әрі дамуына ықпал етеді, метафора-терминдердің негізінде жатқан танымдық процестерді тереңірек тануға қосымша мүмкіндік береді. Зерттеудің практикалық мәні офтальмология метафораларының корпусын түсіндіру, сондай-ақ жалпы дәрістер оқу және семинарлар өткізу кезінде қолдану мүмкіндігінен көрінеді.