Жарнама дискурсындағы визуалды код

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2024ph3/141-148
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала жарнама дискурсындағы визуалды кодтың қолданылу ерекшелігіне арналған. Жарнама көркем өнерді, оның ішінде бейнелеу өнерінің бай әлеуетін пайдаланады. Осы жұмыстың мақсаты — жарнама дискурсындағы визуалды кодтың функциясын анықтау. Визуалды ақпарат, иллюстрация, паралингвистикалық жазу құралдары креолизденген мәтін құрудың маңызды элементіне айналғандығы анық. Ұлттық тіл білімінде бұл бағыттағы зерттеулердің тапшылығы зерттеу тақырыбының өзектілігін танытады. Зерттеуде жарнама дискурсындағы мәтіннің орнына қолданылған логотиптер, логотиптердің маңызды аспектісі ретінде мәтіннің графикалық бейнесі, әріптерді таңдаудың маңыздылығы, түстердің символизмі қарастырылады. Визуалды кодтың теориялық аспектілері сипаттамалық әдіс арқылы зерттеліп, визуалды код назар аудартудың, эмоция тудырудың, ақпарат берудің, жарнамаланатын өнім туралы қызығушылықты тудырудың көзі ретінде тұжырымдалады. Тақырыпқа қатысты жинақталған материалдар мен пікірлер жүйеленген, дискурстық және когнитивтік талдау әдістері арқылы визуалды код функциясы анықталған.