ІЛЕ АЛАТАУ ЛАҚСА (ECHINOPS ALBICAULIS) ТАМЫРЫНЫҢ ЭКСТРАКТЫСЫ НЕГІЗІНДЕ ЖАҚПА МАЙДЫҢ ОҢТАЙЛЫ ҚҰРАМЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ САПАСЫН БАҒАЛАУ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2024.48.24.026
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Табиғи тектес дәрілік шикізаттар өздерінің уыттылығының, жанама әсерлерінің аз немесе жоқ болуына байланысты соңғы уақытта көп сұранысқа ие. Қазақстандағы флора қоры өте бай болып келеді, сондықтан оны болашақта ұтымды пайдалану, сақтау, тереңірек зерттеу іс-шараларын ұйымдастыру қазіргі кезде маңызды мәселе болып табылады. Осы мәселелерді шеше келе, отандық фармацевтика саласының дамуы, Қазақстанда өндірілетін дәрілік заттардың ассортиментінің көбеюі іске асады. Мақалада Іле Алатау лақса тамыр экстрактысының құрамында көптеген биологиялық белсенді заттардың болуына байланысты антиоксиданттық әсерге ие екендігі жазылған. Іле Алатау лақсасының құрғақ экстрактісі перколяция әдісімен алынды. Газды хроматография масс-спектрометриялық әдіс арқылы Іле Алатау лақса экстрактысының құрамында 35 маңызды қосылыстар табылған. Олардың ішінде, эхинорин және эхинопсин алкалоидтары ең көп мөлшерде болып, негізгі белсенді заттар ретінде көрсетілді. Алкалоидтардан бөлек, флаваноид қосылыстары рутин және кверцетин жоғары эффективті сұйық хроматография әдісімен таза күйінде бөлініп алынды. Таңдалынған дәрілік қалып - жақпа майдың қасиеттері, жұмыс барысында қолданылған негіз түрлерінің қасиеттері сиаптталды. Құрамындағы белсенді заттардың қасиеттеріне байланысты, жақпа май антиоксиданттық, қабынуға қарсы, терінің қорғаныштық қасиетін жоғарлататын әсерге ие. Компоненттердің бір-бірімен үйлесімдлігі және олардың физика-химиялық қасиеттері ескеріліп, 5 модель жасалынды. Жұмыс барысында Іле Алатау лақса тамыр экстрактысы негізінде оңтайлы жақпа май құрамы ұсынылды. Нәтижесінде, құрамында 3% Іле Алатау лақса құрғақ экстрактысы бар эмульсиялық жақпа май әзірленді. Алынған жақпа май сапа көрсеткіштері бойынша бақыланып, кесте түрінде көрсетілді.