НӘРЕСТЕ ӨЛІМІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ (әдеби шолу)

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2024.14.81.019
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Әлемдегі ана мен нәресте өлімінің көрсеткіштері денсаулық сақтау жүйесінің маңызды проблемасы. Нәресте өлімі және оның рейтингі халықтың денсаулығын талдауда және жаңа туған нәрестелерге медициналық көмектің тиімділігін бағалауда маңызды рөл атқарады. Бұл белгілі бір елдегі, аймақтағы немесе өңірдегі денсаулық сақтау сапасының көрсеткіші. Осы жылдар ішінде бірнеше дамушы елдер нәрестелер мен балалар өлімінің жоғары деңгейінен зардап шегіп келе жатыр. ТМД елдерінің арасында Қазақстанда балалар өлімінің деңгейі Беларусь, Ресей, Украинаға қарағанда жоғары. Балалар өлімін азайту Қазақстан Республикасы Үкіметінің Әлеуметтік Денсаулық сақтау саясатының негізгі басымдықтарының бірі болды. Балалар өліміне байланысты қауіп факторларын анықтау балалар өлімін азайту мақсатында жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге күтім жасауды қайта құрылымдау және жақсарту бойынша іс-шараларды жоспарлауға көмектеседі. Нәресте өлімінің медициналық-әлеуметтік және демографиялық аспектілерін анықтау мақсатында, біз PubMed, Scopus, Web of Science және Google Scholar сияқты дерекқорларды пайдаланып әдебиеттерге шолу жасадық. Іздеу сұраулары ретінде келесі терминдер қолданылды: "нәресте өлімі", "балалар өлімі". Іздеу аралығы 2014-2024 жылдардағы мақалаларды қамтыды.