ШАЛА ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДЕГІ БРОНХ ӨКПЕ ДИСПЛАЗИЯСЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ РЕНТГЕНДІК ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26212/2227-1937.2024.22.81.009
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Зерттеуге бронх-өкпелік дисплазиясы бар шала туылған 111 бала және бронх-өкпелік дисплазиясы жоқ шала туылған 109 бала қатысты. Негізгі топта көпшілігі (55,0%) 22-27 апталық жүктілік кезінде туылған, сонымен қатар негізгі топтағы балалар өте төмен дене салмағымен (<1000 г) 69,4% туылған. Негізгі топтағы нәрестелердің 64,0 % (n=71) тері жамылғысының түсі боз қызғылт болса, бұл белгі бақылау тобындағы нәрестелердің 47,7% (n=52) кездесті (p=0,015). БӨД қалыптасқан нәрестелерде терінің сұр реңі 38,7% (n=43) байқалса, аталған ауруы жоқ нәрестелерде ол 32,1% (n=35) жағдайда байқалды. Негізгі топтағы нәрестелердің 76,6% (n=85), бақылау тобында 44,0% (n=49) тері жамылғысының мәрмарлығы байқалды (p<0,001). Цианоз негізгі топта 23,4% (n=26) байқалса, бақылау тобында цианоз тек бір балада анықталған (р<0,001). Периоралды цианоз топтар арасында біртекті жиілікпен кездесті, сәйкесінше 64,9% (n=72) және 59,6% (n=65) құрады. Акроцианоз негізгі топта 72,1% (n=80), бақылау тобындағы балаларда жиірек кездесіп 85,3% (n=93) болды (р=0,017). БӨД қалыптасқан нәрестелерде және бақылау тобында ең жиі өкпе суретінің күшеюі анықталды, сәйкесінше 64,9% (n=72) және 33,9% (n=37) құрады (р < 0,001). Өкпе суретінің деформациясы негізгі топтағы нәрестелердің жартысынан астамында кездесіп 53,2 % (n=59), бақылау тобында 11,0% құрады (р < 0,001).