ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛМА ЦИТОСПОРОЗЫНЫҢ ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫНА МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКАЛЫҚ СИПАТТАМА

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.11134/btp.3s.2024.135
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Цитоспороз – бүкіл әлемдегі табиғи және агроэкожүйедегі ағаш өсімдіктерінде ісік тудыратын агрессивті патогендерден туындаған саңырауқұлақ ауруы. Бұл өсімдік қоздырғышы тірі ұлпада (флоэмада) және ағашта (ксилемада) өсе алады және олардың өлуіне әкеледі. Зерттеу жұмыстың мақсаты – алма цитоспорозының қоздырғыштарын молекулалық әдіспен анықтау және Қазақстанның интенсивті бау-бақшасын биобақылаудың эффективті агенттерін идентификациялау болып табылады. Алматы облысының интенсивті бақтарында алма ағаштарының цитоспора ісігін қоздыратын Cytospora қоздырғыштарының түрлері мен морфологиялық/генетикалық сипаттамалары аз зерттелген. Осыған байланысты зерттеулерде цитоспороз қоздырғыштарының дақылдық-морфологиялық қасиеттері зерттелді, қоздырғыштардың өсуіне қолайлы орта және температуралық жағдайлар таңдалды. Алынған нәтижелерге сәйкес, Алматы облысының интенсивті бау-бақшаларынан (Алма-Есік, Мәншүк, Юнифрут, Асыл Агро, Арнау Агро және Бақдала) 200-ден астам цитоспорозбен зақымдалған алма ағашы үлгілері жинақталып, олардан 74 изолят оқшауландырылды. Молекулалық-генетикалық талдаудың нәтижесінде алма цитоспорозының сегіз түрлі қоздырғышы (C. Sorbina, C. Pruinopsis, C. Pruni-mume, C. Parasitica, C. Haidianensis, Valsa sordida, C. Schulzeri, C. Viticola) анықталды. Анықталған қоздырғыштардың изоляттары бірнеше маркерлік гендер негізінде секвенирленіп, GenBank мәлметтер базасында депонирленді. Сонымен қатар зақымдалған алма ағашы үлгілерінен Fusaruim Proliferatum түрі гентикалық талдау нәтижесінде анықталды. Ары қарай сау алма ағашы бұтақтарынан эндофитті микрофлораларды бөліп алу және микроскопиялық талдау жасау жұмыстары жоспарланған. Онымен қоса, табылған эндофиттердің молекулалық идентификациясын айқындап, жоғары дәрежелі антогонистік белсенділікке ие түрлерін зерттеу жалғасуда.