ЗИЯНДЫ ИНГАЛЯТОР ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМЕКІНІҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ӘСЕРІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.11134/btp.3s.2024.141
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Электронды темекі шегу жыл сайын 5 миллион адамды өлтіреді, бұл өлімге алып келетін қазіргі уақыттағы басты себептердің бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 2022 жылға қарай дамушы елдерде жыл сайын 7 миллионнан астам адам электронды темекі шегу факторына байланысты аурулардан қайтыс болады. Электрондық темекі қазір жастар арасында өте танымал регресс құралы болып табылады. Жұмыстың мақсаты: Электронды темекі құрамының тірі организмнің биологиялық белсенділігін төмендетуші қауіптілігін анықтау. Жұмыстың зерттеу нысаны, Астана қалалық №6 емхананың пациенттері және электронды темекі. Теориялық: таңдалған тақырып бойынша шетелдік дереккөздерді оқу; алынған мәліметтерді талдау; жалпылау. Практикалық: Сауалнама, сұхбат, эксперимент; адамның өмірлік көрсеткіштерін анықтау (қысым, импульс). №6 қалалық емхананың кардиологиялық пациенттерімен 1 апта жұмыс жүргізілді. Күніне орта есеппен 30 пациентпен қабылдау жүргізіледі. 1 апта көлемінде 150 пациенттен сауалнама алу көзделді. Барлығы 150 адам сұралды, оның ішінде: 69 адам электронды темекі шегеді (46%), 38 адам электронды темекі шегуге тырысты (25%), 21 адам электронды темекіні адам ағзасына зиянды деп санайды (14%), 4 адам электронды темекіні зиянсыз деп санайды (3%), 18 адам жауап беруге қиналады (12%); Емхананың кардиолог дәрігерімен бірлесіп, пациенттердің ауру тарихын зерттедік. Электронды темекіні жүйелі пайдаланатын 69 адамның физиологиялық өзгерістеріне жеке тоқталдық. Барлығы 75 адам сұралды, оның ішінде:69 жүрек-тамыр жүйелері аурулары (100%),57 жүйке жүйесі аурулары (83%),51 ас қорыту жүйелері аурулары (74%),43 жыныстық аурулары (62%),31 несеп шығару жүйесі аурулары (45%);Электрондық темекіден улану жағдайлары 7. Негізгі эксперимент үшін электронды темекіні пайдаланын пациенттің электронды темекі шеккенге дейін және шеккеннен кейінгі динамикасын бақыладық. Зерттеуге қатысқан пациент: ер адам, жасы 48-де, жеңіл дәрежедегі артериалды қан қысымының жоғарылауы мазалайды. Электронды темекіні тұрақты пайдаланады. Қалыпты жағдайдағы пациенттің динамикалық көрсеткіштері: пульс 75, қысым 128/70 мм.сын.бағ. Тыныс алу жиілігі 16; Бір рет электронды темекі шегуден кейін өмірлік белгілері өзгерді: пульс минутына 91 рет, қысым 146/90 мм.сын.бағ дейін көтерілді. Тыныс алу жылдамдығы 22 дейін өсті; Тәжірибе нәтижелеріне сүйене отырып, электронды темекі құрамындағы улы заттардың жиынтығы адам организміндегі негізгі құрылымдық функцияларды бәсеңдетеді және өмірлік маңызды ағзалардың жұмыс жасауына кедергі келтіреді. Зерттеу нәтижесі анықталды және мақсат орындалды.