ТЕРРОРИЗМ МЕН ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52425/25187252_2024_31_100
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бүгінгі таңда азаматтық қоғамның белсенділігі адам құқықтарын қамтамасыз ету, экономикалық қызмет бостандығы, жастар және гендерлік саясат, діни және басқа да салаларда ғана емес, сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде де көрінеді. Мақалада діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылда үкіметтік емес ұйымдарға ерекше профилактикалық рөл беріледі, себебі азаматтардың белсенді қатысуынсыз мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары жаңа сындар мен қауіп-қатерлерге толық көлемде қарсы тұра алмайды. Осыған байланысты АҚШ, Франция, Германия, Англия, Австрия, Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты терроризмнен ең көп зардап шеккен шет елдердің оң тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырады. Авторлар аталған елдердің үкіметтік емес секторының діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға қатысу мәселелерін қарастырады. Мақалада мемлекетпен өзара іс-қимылдың институционалдық негіздері, олардың қызметінің нысандары мен бағыттары талданады. Авторлардың назары қылмыс құрбандарына көмек көрсетуге, тәжірибені таратуға, халықтың радикалдануына жол бермеуге және сотталған адамдарды қайта әлеуметтендіруге байланысты шетелдік үкіметтік емес ұйымдар қызметінің мамандануына аударылды.