МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫН АЛДЫН АЛУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52425/25187252_2024_32_19
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ғылыми мақаланың мақсаты мемлекеттік қызмет әдебін бұзу мен парақорлықты болдырмаудың превентивті құралы ретінде мүдделер қақтығысының алдын алу мен реттеудің қазіргі жағдайын талдау. Мемлекеттік қызметке орналасу мен оны атқарудың дамуын зерттеуде диалектика әдістері пайдаланылса, заңнамалық нормаларды талдауда формальды-логикалық, шетелдік заңнамалармен салыстыруда салыстырмалы-құқықтық әдістер, сондай-ақ тәжірибені зерттеуде бақылау әдісі қолданылған. Зерттеу нәтижесінде қазақстандық заңнамада мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысының алдын алудың тек бастапқы нормалары бар екендігі және мемлекеттік сектордағы мүдделер қақтығысының толық механизмі қалыптаспағаны анықталды. Қорытындысында шетелдік тәжірибелерді талдау негізінде мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын реттеудің тиімділігі дәлелденіп, «Мүдделер қақтығысы туралы» заң қабылдау ұсынылды. Мақаланың жаңалығы жүйелі тәсілмен мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысының алдын алудың заңнамасына және құқық қолдану тәжірибесіне сыни талдау жасалды.