Екінші дүниежүзілік соғысындағы қазақ батырларының ескерткіштері

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7255-2024-148-3-251-269
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстанда пайда болған Екінші дүниежүзілік (Ұлы Отан соғысы) соғысы батырларына ескерткіш орнату құбылысының тарихы мен тәжірибесі қарастырылады. Ескерткіштер әртүрлі акторлық тенденцияларын зерттеудің эпистемологиялық көзі ретінде талданады. Бұл XX ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап қазіргі кезеңге дейінгі болған зерттеу дискурстарының дәлелі. Мақалада Екінші дүниежүзілік соғысы батырларының ескерткіштері феноменологиялық және экзистенциалды тәсілдерді қолдану арқылы, батырлықтың мәні мен оның ұлтымызға тән феномен тұрғысында талданады. Осыған орай, Б. Момышұлы, Р. Қошқарбаев, Ә. Молдағұлова, М. Мәметова т.б. батыр тұлғалармен байланысты кейстерді талдау мақаланың негізгі мақсаты болып табылады. Талдаудың нысаны ретінде ескерткіштердің орналасқан жері, оларды визуалды талдау, БАҚ материалдарымен бірлесе жұмыс жасау, арнайы әдебиеттерге контент-талдау (мүмкін шежіре), акторлармен және сарапшылармен сұхбат жүргізу және нарративті тәсілдер қолданылды. Мақалада қолданылған суреттер мен оған қатысты ақпараттар Астана қаласы мен Батыс Қазақстан өңіріндегі далалық зерттеулердің нәтижесінде алынды