ҚАЗАҚСТАНДЫҚЖӘНЕ ТҤРКИЯ МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫ ОҚУЛЫҚТАРЫ МАЗМҦНЫНДАҒЫ КРЕАТИВТІ ОЙЛАУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢСАЛЫСТЫРМАЛЫТАЛДАУЫ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2024.82.2.027
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Креативті ойлау -жаһандық білім беру жүйесінде білім алушыларда қалыптасуы тиіс басты қабілеттер мен құзіреттіліктердің бірі. Креативті тұлға –жан-жақты ойлау қабілеті қалыптасқан, кез-келген мәселенің шешімі мен әдісін және жолын табушы, стандартты емес ойлаушы, үрдістер мен факторларды игеруші. Сондықтан, креативті ойлау мен шығармашылыққа жаһандық назар аударылуда және шығармашылық оқыту соңғы жылдардағы білім саласындағы кӛптеген зерттеушілер мен ғалымдарды алаңдататын мәселеге айналып отыр. Бұл зерттеуде қазақстандық және түркиялық мектептерде қолданатын 9-шы сыныпқа арналған география пәні мазмұныныдағы креативті ойлау мен шығармашылыққа бағытталған тапсырмалардың ерекшелігі мен деңгейлеріне салыстырмалыталдау жасау кӛзделген. Мақалада білім алушылардың креативті ойлауын қалыптастырудағы оқыту тәсілдері мен жолдарын зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың ойлары мен тұжырымдары келтірілді. Отандық және шетелдік оқулықтардың мазмұны мен мәтініне, сұрақтарымен тапсырмаларына салыстырмалы талдау жасалды. Сонымен қатар, креативті ойлауды қалыптастырудағы ерекшеліктер мен проблемалар аталып кӛрсетілді. Қорытынды бӛлімде нәтижелер, тұжырымдар мен ұсыныстар берілді. Бұл ғылыми мақаланың мақсаты оқушылардың шығармашылық ойлауын қалыптастыру ерекшеліктері бойынша мектеп оқулықтарының мазмұны мен мәтінін, берілетін сұрақтары мен тапсырмаларға салыстырмалы талдау жасау, тұжырымдау, ұсыныстар беру.